Қазақстанға дәрі-дәрмектің 80 пайызы сырттан тасымалданады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға дәрі-дәрмектің 80 пайызы сырттан тасымалданады

Қазақстанға дәрі-дәрмектің 80 пайызы сырттан тасымалданады

Қазақстанға  дәрі-дәрмектің 80 пайызы сырттан тасымалданады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-де өткен брифингте «СК-Фармация» ЖШС басқармасы төрағасының орынбасары Максим Касаткин мәлім етті.

  • 23 Желтоқсан 2015
  • 430
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі күні отандық медикаменттер өндірісінің үлесі 2016 жылға шамамен 20 пайызды құрап отыр. Өкінішке орай қалған дәрі-дәрмекті импорттаймыз. Дегенмен оң динамика бар. Мәселен, егер 2010 жылы біздің сатып алу құрылымымыздағы отандық өндіріс көлемі 5 млрд. теңге болса, қазір 20 пайызға артып, шамамен 18-19 млрд. теңгеге жетті», — деді ол.

Оның атап өтуінше, компания 15 отандық дәрі-дәрмек өндірушімен 18 келісімшарт жасасқан. Алдағы уақытта Қазақстанда шығарылатын дәрі-дәрмек түрінің көбейе түсуіне байланысты келісімшарт қатары да артатын болады.

Айта кетейік, «СК-Фармация» 2016 жылы жалпы сомасы 102 млрд. теңгені құрайтын 1034 түрлі дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы жабдықтарды сатып алуды жоспарлаған. 20 желтоқсандағы жағдайға сәйкес 78,6 млрд. теңге сомаға 830 түрлі дәрі-дәрмек сатып алынған. Сатып алулар 2014 жылғы бағамен жүргізілген. Бұл медикаменттер 2016 жылдың 1 қаңтарынан медициналық мекемелерге жеткізіле бастайды.


Соңғы жаңалықтар