Қазақстанға импортталатын тауардың басым бөлігі Қытай мен Ресейге тиесілі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға импортталатын тауардың басым бөлігі Қытай мен Ресейге тиесілі

Қазақстанға импортталатын тауардың басым бөлігі Қытай мен Ресейге тиесілі

2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 139 833,4 млн долларды құрады.

  • 23 Ақпан
  • 7
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа портал Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Өткен жылы Қазақстанның тауар айналымы 139,8 млрд доллар болды. Бұл жайында ұлттық статбюро хабарлады.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 139 833,4 млн долларды құрады.

Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 3,2% артық.

Оның ішінде:

Экспорт – 78,6 млрд доллар (7% аз)

Импорт – 61,1 млрд доллар (20,1% көп)

Негізгі серіктес елдер

Экспорт бойынша
Италия – 18,9%
Қытай – 18,7%
Ресей – 12,4%
Нидерланд – 5,2%
Түркия – 5%
Корея Республикасы – 4,8%

Импорт бойынша
Қытай – 27,4%
Ресей – 26,5%
Германия – 5,2%
АҚШ – 4,2%
Корея Республикасы – 3,6%
Түркия – 3,3%

Соңғы жаңалықтар