"Қазақстанға кіруіме тыйым салынғаны өтірік": Қазақ қыздарын "итеруді" жоспарлап қойған Лесли бәрібір келетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстанға кіруіме тыйым салынғаны өтірік": Қазақ қыздарын "итеруді" жоспарлап қойған Лесли бәрібір келетін болды

"Қазақстанға кіруіме тыйым салынғаны өтірік": Қазақ қыздарын "итеруді" жоспарлап қойған Лесли бәрібір келетін болды

Атышулы Алекс Лесли телеграм арнасында "Менің Қазақстанға кіруіме тыйым салынғаны туралы қауесетке сенбеңдер" деген жазба жарияланды.

  • 17 Қараша 2022
  • 229
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Алекс Лесли телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Айта өтейік, Алматы полиция Департаменті "қабылданған шаралармен Ресей азаматы А.Кирилловтың Қазақстанға келуіне бір жылға тыйым салынғанын хабарлайды" деп мәлімдеген. 

Алайда, Алекс Лесли телеграм арнасында жаңа жазба жарияланып, онда Қазақстанға бәрібір келетіні туралы айттылған.

"Менің Қазақстанға кіруіме тыйым салынғаны туралы қауесетке сенбеңдер. Менің Қазақстанға кіруіме тыйым салынғандығы туралы TACC-та да, басқа басылымдарда да, бірде бір ресми дерек жоқ. Бұлай болуы да екіталай. Біз ешқандай заңды бұзбаймыз", — деген. 

Және Қазақстанға ұшу жоспарын кейінге қалдырмайтынын айтыпты.

"Біздің барлық жұмысымыз заңды болып келді. Және әлемнің қай елінде де заңды бола бермек. Қазақстанға ұшу жоспарымды кейінге қалдырмаймын", — дейді Алекс Лесли.

Сондай-ақ ол Алматыға 2004 жылы келіп, тренинг өткізгенін әрі ол туралы "Іш киімсіз өмір" атты кітабында жазғанын тілге тиек етті.


Еске салайық, Алекс Леслидің тренингін "тиісті орындар тоқтатсын!" деп бастама көтерген белгілі ақын Мұхамеджан Тазабеков те Леслидің енді елге келе алмайтынын әлеуметтік желіде жеткізіп, сүйінші сұраған.

"Естуші мемлекет бар екенін көрсетіп, Алматы ПД бүлікші адамның елге келуіне тыйым салды. Ол адамның табаны топырағымызға тимейді", — деген Мұхамеджан Тазабек. 

Айта өтейік, Алекс Леслидің хабарландыруы бойынша  қазақ қыздарын қыздарды арбау техникасын үйрететін тренинг Алматыда 19-27 қараша күндеріне жоспарланып отыр.  Тіпті ол  қазақ қыздарын "итереміз" деген мағынада бейнеүндеу жасаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар