«Квотадан тысқары Қазақстан аумағына қант импортталмайды», — деп атап өтті ол.
Ауыл шаруашылық министрлігінің басшысы атап өткеніндей, қантты жеткізу жөнінде келісім-шарттары бар кәсіпорындар арасында «олар айыппұл төлеп қалмауы үшін» квота бөлінетін болады «. » Осы арқылы біз отандық өнім өндірушілердің мүддесін қорғап, зауыттар халықты ақ қантпен қамтамасыз ету міндеттерін орындау үшін жағдай жасап отырмыз», -деп ойын білдірді ауыл шаруашылық министрі.
ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қазақстанда қант импортына квота енгізу мәселесіне арналған үкімет қаулысына қол қойды.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, ауыл шаруашылық министрі Ахметжан Есімов үкіметтің кеше өткен алқа жиынында қант бағасының өзгеруіне орай тиісті сақтандыру шараларын қолға алуды хабарлаған болатын.
«Жыл басынан бері бір келі қант бағасы 100 теңге деңгейінде тұрды. Бірақ қант бағасы өзгеруі мүмкін, өйткені Ресей ішкі нарықты сыртқы импорттан сақтандыру үшін күшейтілген шараларды қолға алды. Ал бұл біздегі жағдайды тұрақсыздандыруы мүмкін», — деді А. Есімов.
«Сондықтан біз тиісті қаулыны қабылдауымыз керек. Ол туралы сіздер білесіздер», — деді ол.
Оған дейін ҚР индустрия және сауда министрі импорттық ақ қантқа квота енгізу жөнінде қаулысының жобасына қол қойған. Жоба үкіметтің қаралуында болған.
Жоба бойынша «шетелден келісім- шарт бойынша жеткізілетін ақ қантқа белгілі бір квота енгізу қарастырылған «.
Квота қысқа мерзімге ғана енгізіледі. Жоба бойынша шектеулер 1 қазан айына дейін қойылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті