Қазақстанға тіршіліктен шаршап, өмірден баз кешкен адамдар барып ес жиятын "ақылы түрме" қажет пе? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға тіршіліктен шаршап, өмірден баз кешкен адамдар барып ес жиятын "ақылы түрме" қажет пе?

Қазақстанға тіршіліктен шаршап, өмірден баз кешкен адамдар барып ес жиятын "ақылы түрме" қажет пе?

Белгілі тележүргізуші Оңтүстік Кореяда "ақылы түрме" бар екенін айтты. 

  • 20 Ақпан 2020
  • 162
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Бірнеше уақыт бұрын Оңтүстік Кореяға барып, салт-санасымен, мәдениетімен танысып келген белгілі тележүргізуші Ерланби Дәулетияр мырза ол елде таңқаларлық дүниемен бөлісті. 

Айтуынша, тіршіліктен шаршап, стресске шалдыққан адам "ақылы түрмеге" барып, өмірдің мәнін сезінуге, яғни, ес жжиюға арналған психологиялық тұрғыда анықталған екен. 

"Оңтүстік Кореяда "Ақылы түрме" деген отель бар. Қу тіршіліктен шаршап, өмірден баз кешкен адамдар барып ес жиятын жер. Номерлері кәдімгі түрменің камерасы, тамақты да кішкентай терезе арқылы береді. Ешқайда шықпайды, ешкіммен сөйлеспейді, өз-өзіне келгенше осындай күн кешеді. Психологтар "дамыған елдердің негізгі дерті — стресс" дейді, мұндай қоғамда адамға деген талап күшті болғандықтан қысымға шыдамаған көбі не суицидке барады, не осылай "Ақылы түрме" сияқты біртүрлі жерлерге барып ес жияды.
Айтпақшы, Корея, тұрғындары суицидке көп баратын елдердің көшбасында. Мұндай статистикадан кейін дамуға да қорқады екесің… Жарайды, өздерімен кетсін.
Бұл әңгіменің видеоға не қатысы бар дейсіз ғой? Біз де өзімізше кең жерде жүріп, аз адамның арасында стресске ұшыраймыз ғой.
Ал ауылда өсіп, қалада тұрып жатқан бүгінгі қазақтың көбісіне мал жайлау да бір релакс, тіпті медитацияның бір түрі))). Шын, өз басым осы процесстен ерекше кайф алам. Қаланың қарбаласынан бір сәт ой үзіп, демалып қаласың. Өткенде ауылға барып киім ауыстырмастан қораға сап бердім де малға азығын салып бір кайфовать еттім.
Қаланың іргесінен осындай демалыс орнын ашып қойса деймін де, ауылды сағынғандар келіп мал жайлап бір мауқын басатын. Келіндер сиыр сауып, тезек жинайтын, ә?", деп жазды Ерланби Дәулетияр. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Ерланби Дәулетіар (@yerlanbi_dauletiyar) on

Оқырмандардың бірі басынан өткен жайды былай деп баяндады: "Иә, мағанда врач стресстен шығудың жолы ауылға барып мал бағу деген. Үш күннен кейін сауығып кетесіз деп назначение берген". 

Сіз "ақылы түремеге" келісесіз бе? Әлде, дәрігердің айтқанындай ауылға барып, мал баққанды қолдайсыз ба? 

Соңғы жаңалықтар