Жарияланды: 20

Қазақстанға төртінші мұнай өңдеу зауыты қаншалықты қажет

Қазақстанға төртінші мұнай өңдеу зауыты қаншалықты қажет

«KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Рүстем Қабжанов Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысына қатысты жұмыстар қай кезеңде тұрғанын айтты.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

«Төртінші мұнай өңдеу зауыты құрылысы туралы бастама жанар-жағармай тапшылығына қатысты мәселе туындаған кезде көтерілді. Әрине, мәселені қарастырған кезде, қажетті көлемді өндіретін өндіріс бойынша сұрақтар болатыны анық. Қазіргі кезде Энергетика министрлігінде қандай қуат деңгейі қажет екені және зауытты қайда орналастыру мәселесі пысықталып жатыр. Сонымен бірге, бұл зауытқа тиісті жүктемені қою қажеттігі бар. Ал жүктемені белгілеу үшін, алдымен, шикізатқа байланысты шараларды шешу керек. Яғни бұның өзі оңай емес шаруа», - деді брифингте Р. Қабжанов. Осы орайда ол Қазақстанда мұнай жеткілікті екенін, алайда әрбір мұнай көлемі жобаға енгізілгенін әрі шартпен бекітілгенін атап өтті. Сәйкесінше, кен орнын пайдаланушылар өздеріне жүктелген міндеттемелерін орындауы тиіс.

«Төртінші зауыттың құрылысы туралы мәселені шешу кезінде осы аспектілерге мән беру қажет. Өздеріңіз білесіздер, Президент тапсырма берді, осы орайда бұл міндеттер пысықталып жатыр. Атап айтқанда, біздің нарықты ескере отырып, Қазақстан аумағына үлкен зауытты салу - ол елеулі қаржыны қажет етеді. Сонымен қатар қолданыстағы зауыттарды жаңғырту жұмыстарына да қомақты қаржы жұмсалды. Қазіргі кезде техникалық және экономикалық есептеулерді аяқтау керек. Бұдан кейін басшылық тиісті шешімін жасайды», - деді Рүстем Қабжанов.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть