"Қазақстаннан ешқайда кеткен жоқпын": Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа үндеу жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстаннан ешқайда кеткен жоқпын": Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа үндеу жасады

"Қазақстаннан ешқайда кеткен жоқпын": Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа үндеу жасады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтарға үндеуі жарияланды.

  • 18 Қаңтар 2022
  • 413
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"2022 жыл халқымыз үшін күрделі де қатерлі сынақтан басталды. Баршаңызға мәлім, ұйымдасқан экстремистік топтар елімізде жаппай тәртіпсіздік орнатып, террористік шабуыл жасады. Соның салдарынан бейбіт тұрғындарымыз зардап шекті. Қасіретті оқиға кезінде қаза болғандардың жақындары мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Лаңкестер елдігіміз бен егемендігімізге, тыныштығымыз бен тұтастығымызға қауіп төндіріп, жұрттың берекесін қашырды." — деді Назарбаев өз үндеуінде.

Ол президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шұғыл шешімдерінің арқасында ел іргесі сөгілген жоқ. Мемлекет басшысын қолдау – баршамыздың азаматтық борышымыз екенін атап өтті.

"Мен 2019 жылы Президент өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырдым. Сол сәттен бастап зейнеткер болып келемін. Қазіргі уақытта Қазақстанның астанасында ешқайда кетпей, зейнеткерлік демалыста жүрмін. Ендігі кезекте осы оқиғадан сабақ алып, мұндай бассыздыққа жол бермеуге тиіспіз. Бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде атқарған істеріміз аз емес. Қазақстан әлемге танылған еңселі елге айналды. Ұлан-ғайыр шекарамыз түбегейлі бекітілді. Елімізде іргелі реформалар жүзеге асып, Орталық Азияда көш бастадық. Еуразия жүрегінде, Сарыарқа төсінде жаңа астанамыз бой көтерді. Бірлік барда ешбір жау сағымызды сындыра алмас" — деп Елбасы үндеуін аяқтады.


Соңғы жаңалықтар