Қазақстаннның сыртқы қарызы 1,7%-ға төмендеді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстаннның сыртқы қарызы 1,7%-ға төмендеді

Қазақстаннның сыртқы қарызы 1,7%-ға төмендеді

Еліміздің сыртқы қазырыз азайды. 

  • 26 Қазан 2022
  • 17
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында сыртқы қарызының төмендеуі бойынша алдыңғы қатарда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ЕАЭО бойынша сыртқы қарыз 3,1 миллиард долларға төмендеді. Еуразиялық экономикалық комиссиясы ЕАЭО-да сыртқы қарыз Беларусь пен Қырғызстанда өскенін хабарлады.

2021 жылы сыртқы қарыз мөлшері Арменияда 0,9%-ға, Қазақстанда 1,7%-ға және Ресейде 0,5%-ға төмендеді. Басқа мүше мемлекеттерде керісінше өсті: Беларуссияда 4,3%, Қырғызстанда 2,7%.

Қарыз құрылымында Арменияда мемлекеттік басқару органдарының секторы бойынша, Қазақстанда фирмааралық кредиттеу бойынша ең көп төмендегені байқалды.


ЕАЭО-ның барлық елдерінде сыртқы қарыз ЖІӨ-ге пайызбен шаққанда азайды.

Сыртқы қарызды халықаралық резервтермен жабу тек Ресейде қамтамасыз етілген. Ол 124,1%-ға тең. Басқа мүше мемлекеттерде бұл көрсеткіш 17%-дан 28%-ға дейін болды.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша сыртқы қарызды халықаралық резервтермен жабу көрсеткіші тек Арменияда өсті.