Қазақстанның Балтық елдеріндегі елшілігі "Өз елімнен зор сүйіспеншілікпен" деген тақырыптағы көрме-аукционға қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Балтық елдеріндегі елшілігі "Өз елімнен зор сүйіспеншілікпен" деген тақырыптағы көрме-аукционға қатысты

Қазақстанның Балтық елдеріндегі елшілігі "Өз елімнен зор сүйіспеншілікпен" деген тақырыптағы көрме-аукционға қатысты

Өткен тәуліктерде Вильнюс қаласының әкімі мен оның жұбайының басқаруымен омыраудың қатерлі ісігінің алдын алу үшін қаржы жинауға бағытталған "Nedelsk" ("Уақыт ұттырма") атты қоғамдық жобаны қолдауға қайырымдылық шара өткізілді. Аталмыш шара аясында Литвада аккредитацияланған дипломатиялық өкілдіктердің ұйымдастыруымен ұлттық бұйымдар мен базарлықтар қойылған "Өз елімнен зор сүйіспеншілікпен" деген тақырыптағы көрме-аукцион өткізілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

  • 29 Қыркүйек 2003
  • 456
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның Балтық елдеріндегі елшілігі алтын түстес жіптермен ұлттық оюмен зерленген қазақ шапанын аукционға салып, көрмеге қатысушылардың назарына ілікті. 750 лит шамасында бастапқы баға белгігенген шапан 2900 литке (1000 доллар шамасында) сатылып, ашық саудада ең жоғары бағаланған бұйымға саналды.

Көрмені ұйымдастырушылардың пікірінше, Қазақстан елшілігі тарапынан көрмеге қойылған бұйым қайырымдылық шарасына қомақты қаржылық үлес қосумен бірге, қазақ халқының бақыты мен табысының нышанындай Шығыстық өзгеше рух әкелді.

Соңғы жаңалықтар