Жарияланды: 930

Қазақстанның банк секторының жалпы жиынтық активтері 3-5 жылдан кейін 20-30 млрд. долларға жетеді - "АТФБанк" АҚ басқармалары төрағасының орынбасары

Қазақстанның банк секторының жалпы жиынтық активтері 3-5 жылдан кейін 20-30 млрд. долларға жетеді. Бұл туралы бүгін, 12-сәуірде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "АТФБанк" АҚ басқармалары төрағасының орынбасары Досым Қыдырбаев хабарлады.

Оның айтуынша, "Қазақстанның қаржы саласы ТМД елдері арасында жетекші сала болып табылады. Мұндай мүмкіндікке еліміздегі барлық банк институттарының өзара тығыз ынтымақтастығы негізінде қол жеткізілді. Жеке даму - ортақ жеңіске арқау деген қағидаға стратегиямыз негізделді". "Қазақстанның Жалпы Ішкі Өнімі орта есеппен жыл сайын 9-10 процентке өскен жағдайда, банк секторының өсу қарқыны тіптен пәрменденіп, Жалпы Ішкі Өнім аясындағы банк секторының үлес салмағы Шығыс Еуропа елдерінің деңгейіне көтеріліп, 50-60 процентке жетеді",- деді Д.Қыдырбаев. Қазіргі жағдаймен Чехия Республикасының жалпы жиынтық активтері республиканың Жалпы Ішкі Өнімінің 106 процентін құраса, Венгря мен Түркияда бұл көрсеткіш 60 процентті құрап отыр. Ал "АТФБанк" АҚ басқармаларының төрағасы Тимур Исатаевтың хабарлауынша, "Қазақстанның банк секторының жалпы жиынтық активтері қазір Жалпы Ішкі Өнімінің 36 процентін құрайды. Демек, республиканың келешек дамуына сенім зор".

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін