«Әлемдік қаржылық дағдарыстың кері әсеруне қарамастан, еліміздің экономикасының барлық базалық көрсеткіштері тұрақты өсіп келеді және ешбір алаңдаушылық тудырмайды», -деді ол.
«Экономикалық өсімнің жоғары қарқыны сақталуда. Қазақстаннан экспортталатын дәстүрлі тауарлардың бағасы әлі де жоғары қалпында. Жеткілікті валюта қоры мен еліміз экономикасының тұрақтылығы кез-келген уақытша қиындықты еңсере алуға қабілетті», -деді мемлекет басшысы.
Құрлықтың бөліктері арасындағы экономикалық көпір болу роліне талпына отырып біз «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» жобасына кірістік, оны жүзеге асыру нәтижесінде Еуразияның екі ірі бөлігін транспорттық коммуникациялармен байланыстыруға тиіс. «Біз оған 7,5 миллиард доллар жұмсауды жоспарлап отырмыз», — деген Н. Назарбаев, «оның ежелгі дәуірде Азия мен Еуропа халықтарын жақындастырған Ұлы Жібек Жолының қайта жаңғыруы болатынын» атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті