Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады

Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады

Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы құбылып, күн күркіреп, өткінші жауын жауып, жел күшейеді. Тек батыста, оңтүстік, оңтүстік-шығыста күн ашық болады деп күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде Алматы облыстарында кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.Маңғыстау облысында кей жерлерде шаң араласқан жел тұрып, секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Күндіз Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады деп күтілуде.

  • 26 Маусым 2014
  • 274
Фото - Caravan.kz

Республиканың оңтүстігі, батыста кей жерлерде, сотүстік-батыс, солтүстік, оңтүстік-шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысында су деңгейінің ауытқуы мүмкін.