Қазақстанның басым бөлігінде қар ұшқындап, жел тұрады, тұман түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның басым бөлігінде қар ұшқындап, жел тұрады, тұман түседі

Қазақстанның басым бөлігінде қар ұшқындап, жел тұрады, тұман түседі

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын жауып,

  • 6 Қараша 2015
  • 293
Фото - Caravan.kz

көбінесе қар, тұман  түседі, көктайғақ, желдің күшеюі ықтимал.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел тұрады, күші 15-20 м/с.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады. 

Қостанай, Қарағанды облыстарында жел 15-23 м/с күшейіп, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде жел тұрады — 15-20 м/с, тұман.


Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз жел соғады, күші 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-22 м/с күшейіп, кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Павлодар облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 17-22 м/с болады, бұрқасындатады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.