Қазақстанның бірнеше облысында дауыл тұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның бірнеше облысында дауыл тұрады

Қазақстанның бірнеше облысында дауыл тұрады

Ақмола, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана, Шымкент қалаларында қатты жел соғады деп болжануда.

  • 7 Маусым 2018
  • 49
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК бірқатар өңірде дабылды ескерту жариялады.

8 маусымда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, түнде және күндіз жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін. Кейбір аудандарда найзағай ойнайды, дауыл, шаңды дауыл тұрып, бұршақ түсуі мүмкін.

Астанада ертең күндіз желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с дейін күшейеді.  

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, батыстан соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. 

Қызылорда облысында 8-9 маусымда найзағай, дауыл, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады; 9 маусымда шаңды дауыл көтеріліп, бұршақ түсуі мүмкін, түнде желдің екпіні 23-28 м/с жетеді деп болжануда.  

Оңтүстік Қазақстан облысында ертең найзағай ойнап, дауыл тұрады. Желдің екпіні күндіз 25 м/с, сонымен қоса шаңды дауыл көтеріледі. 


Ал Шымкентте күн күркіреп, жел күшейеді. 

Сондай-ақ, синоптиктердің болжамынша, 9 маусымда Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласының өзендерінде және 10 маусымда Алматы облысының таулы аудандарында нөсер жауынға байланысты су тасуы мүмкін.

 

Соңғы жаңалықтар