Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында күндіз кей жерлерде найзағай, бұршақ болуы мүмкін, дауыл, желдің күші 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болуы мүмкін, дауыл, желдің күші 15-20 м/с болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болады, желдің күші 18 м/с жетеді.
Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады, Шығыс Қазақстанда күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с болады. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел 15-20 м/с болады.
Жамбыл, таңертең және күндіз Оңтүстік Қазақстан облысытарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.
Алматы, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстанның басым бөлігінде, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.