Қазақстанның бірқатар республикалық жолдарында көлік қозғалысы шектелді
![]() |
Қазақстанның бірқатар республикалық жолдарында көлік қозғалысы шектелді. |
Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарлады.
Атап айтқанда, Павлодар облысы аумағындағы көктайғаққа байланысты сағат 11:00-ден бастап:
- «Қызылорда-Павлодар» (1135-1310 км) автожолының «Қалқаман-Қарағанды облысы» учаскесінде;
- «Қызылорда-Павлодар» (205-259 км) автожолының «Астана-Ерейментау-Шідерті» учаскесінде;
- «Омск-Майқапшағай» (426-492 км) автожолының «Кенжекөл-Черный» учаскесінде;
- «Ульяновск-Керней-Баянауыл-Қалқаман» (93-324 км) автожолының «Қалқаман-Қарағанды обл» учаскелерінде автокөліктің барлық түрінің жол қозғалысына шектеу қойылды.
Бұдан бөлек, Қарағанды облысы бойынша да (көктайғақ) сағат 11:30-дан бері «Қызылорда-Павлодар» (1069-1135 км) автожолының «Молодежное-Павлодар облысы» учаскесінде автокөліктің барлық түрінің жолға шығуына тыйым салынды.
«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 , Қарағанды облысы бойынша 8 (7212) 77-25-54 , Павлодар облысы бойынша 8 (7182) 57-09-44 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін