Жарияланды: 90

Қазақстанның COVID-19 вирусымен күресуіне көмектескен жобалар

Қазақстанның COVID-19 вирусымен күресуіне көмектескен жобалар

«АЯЛА» қайырымдылық қоры Қазақстанның COVID-19 вирусымен күресуіне көмектесу үшін ірі демеушілерден, қазақстандықтар жасаған аударымдардан және қор президенті Айдан Төлеутайқызы Сүлейменованың 53 млн теңгеден асқан жеке үлесінің арқасында жиналған 130 млн теңгеден асатын қаражат тартып, 10 жобаны іске асырды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады

«АЯЛА» қоры өз күшін 2 қалаға – Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына жұмсады, өйткені мұнда COVID-19 жұқтырғандар саны неғұрлым көп және жаңа вирустан өлім көрсеткіші Қазақстанда ең жоғары болып отыр.

Қор үшін медициналық жобалар – бұлар қайырымдылық қызметінің басым бағыты. Сондықтан коронавирустық инфекциямен күреске көмек көбінесе ауруханалар мен медицина персоналына бағытталды. Осының нәтижесінде Алматының 200-ден астам дәрігерлері азық-түлік түрінде және басқа көмек алды. Алматыдағы ересектер мен балалардың жұқпалы ауру ауруханалары жаңа медициналық жабдықтар алды. Балалардың қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы «Шеврон» компаниясының демеушілік қолдауымен Жапонияда жасалған 2 жаңа ӨЖД аппаратын және Айдан Төлеутайқызы Сүлейменованың жеке қаражатына сатып алынған 10 жаңа көпатқарымдық 4 секциялы реанимация кереуеттерін алды. Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы қор президентінен бес жаңа 4 секциялы реанимация кереуеттерін алды.

Қазақстанның бүкіл оқу орындары қашықтан оқытуға көшкен шақта «АЯЛА» қоры өз қамқорлығындағы мектеп-интернаттары, балалар үйлері және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерімен жедел байланысқа шықты. Бұл мекемелердің басшыларынан қор қызметкерлері күнкөрісі төмен отбасылардың көптеген балаларына оқуын жалғастыруы үшін гаджеттер керек екенін білді. Нәтижесінде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының білім беру мекемелерінің 40 баласы мен жасөспірімдері мобилді интернет қосылған жаңа планшерттер алды. Алматының 3 мектеп-интернатының он екі жасөспіріміне берілген планшеттер арманын іске асыруына – «Арыстан» арнайы әскери лицейіне түсуіне көмектеседі.

«АЯЛА» қоры SAMSUNG компаниясының қолдауымен Алматыдағы 40 ҰОС ардагеріне ай сайын азық-түлік пен дәрі-дәрмекті тегін жеткізіп берумен қамтамасыз етті. Ал 9 мамыр күні оларға ерлігі үшін шексіз алғыс айтып, жеміс-жидек салынған қоржындарды қосымша таратып берді.

Жаңа бастамалардың бірі – күнкөрісі төмен отбасылармен жұмыс. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктерімен үйлесімдіктің арқасында көмекке өте мұқтаж отбасылар анықталды. Осының арқасында мұқтаждығы айрықша балаларды тәрбиелеп отырған 150-ден астам отбасы жалпы 3,6 млн теңгеден асатын сомаға азық-түлік қоржындарын алды. «АЯЛА» қоры бұл қоржындарға сүт өнімдерінің, ірімшік, шұжық, жемістер мен гигиена заттарының, оның ішінде жөргектердің салынуын қадағалады. Енді осы отбасыларға жаңа киім-кешекпен қосымша қолдау көрсетуді ұйымдастыру жоспарланып отыр.

«Бiз бiргемiз – бүкіл қазақстандықтарды біріктерген ортақ идея және құндылық. Біздің жұмысымыз елде COVID-19 індетінің таралуымен күреске өз үлесін қосып отырғанына біз қуаныштымыз. Біздің бастамаларымызға қолдау көрсеткені үшін ірі демеушілерімізге - «Шеврон», Samsung компанияларына, Еуразия Орталық Азия Қорына жеке алғысымды білдіргім келеді. Және қалыптасқан экономикалық қиын жағдайға қарамастан, «Касса24» терминалдарындағы аударым арқылы қорға көмек беруін жалғастырған барлық қазақстандықтарға алғыс айтамын. Осы жұмыла жұмсаған күшіміз небәрі 2 айдың ішінде 10 үлкен әрі маңызды жобаларды іске асыруымызға себепші болды. Көмекке өте зәру адамдарға қолдау көрсетілді. Біз медицина мекемелерімен, мектеп-интернаттармен, балалар үйлерімен және ППТК жұмыс жүргізуді жалғастырамыз. Коронавирустық инфекцияның салдарын бірге жеңуіміз үшін бізге жәрдем беруді жалғастыруларыңызды сұраймын», - деді «АЯЛА» қорының презизденті Айдан Сүлейменова.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін