Жарияланды: 610

"Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының басшылары сайлау комиссиялары өз кандидаттарын депутаттыққа "жібермейді" дегенге сенімді, алайда мұны заң жүзінде дәлелдей алмайды

Алматы қалалық мәслихатының депутаттағынан үміткер ретінде ат ұсынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қоғамдық бірлестігінің басшылары қалалық сайлау комиссияларына оларды "депутаттыққа жібермеу туралы" жоғарыдан нұсқау берілгеніне сенімді, алайда бұл уәжді заң жүзінде дәлелдей алмайды. Бұл туралы мәслихат депутаттағына кандидат ретінде ат ұсынған Петр Своик бүгін, 16-қыркүйекте өткізген баспасөз мәслихатында хабарлады.

П.Своиктың сөзіне қарағанда, билік тарапынан оппозиция өкілдерімен диалогқа құлшыныс тарнытылғанымен, ресми органдар мен олардың басшыларының іс-әрекеті округтық сайлау комитеттеріне 20-қыркүйекке белгіленген сайлау қорытындысын фальсификациялау жөнінде жасырын тапсырма берілгендігін айғақтап отыр. П.Своиктың айтуынша, "сайлау учаскелерінің басым көпшілігінде сайлаушылар тізімі жоқ, ал тізім болған күннің өзінде онда қалада мүлдем тұрмайтын адамдар көрсетілген". Мәселен, П.Своик өзі тұратын үйдегі сайлаушылар тізімін тексеріп көрген. Нәтижесінде, бұл тізімнен ол әлдеқашан Астанаға қоныс аударған адамдардың аты-жөнін кездестіріпті. Демек, оның айтуынша, "сайлауға өлі жандар қатысады". Сондай-ақ, мәслихат депутаттығынан үміткер Асылбек Қожахметов, қозғалыс басшылығы "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қоғамдық бірлестігінің лидері Ғалымжан Жақияновтың саясаттан бас тартатындығы туралы ақпаратты қабылдамайды деп мәлімдеді. А.Қожахметовтың пікірінше, 15-қыркүйекте телеарна арқылы көрсетілген сюжет қолдан құрастырылған. Осы жөнінде толыққанды ақпарат алу үшін "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қоғамдық бірлестігінің өкілдері Ғ.Жақиянов қамауда отырған Қостанай облысындағы Құсмұрын ауылына аттанып кетті. "Бұл қадам- оппозицияның беделін түсіруге жасалған кезекті әрекет болмақ",- дейді А.Қожахметов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін