Қазақстанның экология министрлігі табиғатты тұтынушылардың рейтингін жүргізуді жоспарлауда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның экология министрлігі табиғатты тұтынушылардың рейтингін жүргізуді жоспарлауда

Қазақстанның экология министрлігі табиғатты тұтынушылардың рейтингін жүргізуді жоспарлауда

Астана. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Қоршаған ортаны қорғау министрлігі табиғатты тұтынушылардың рейтингін жүргізуді жоспарлауда. Бұл туралы кеше еліміздің қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов "Би Джи Групп" компаниясының басшылығымен жұмыс бабындағы кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

  • 16 Сәуiр 2008
  • 740
Фото - Caravan.kz

«Кездесу барысында компанияның өндірістік іс-қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсері мен оның табиғат қорғау шаралары жайындағы мәселелер талқыланды. Н. Ысқақов өз сұхбаттастарына Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің табиғатты дұрыс пайдаланушылар мен табиғат қорғау заңнамасын ұдайы бұзатындардың рейтингін жүргізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша «Би Джи Групп» компаниясына тұрақты дамуға көшудің мақсатты көрсеткіштерін ескере отырып, қоршаған ортаға тасталатын қалдықтарды азайту шараларын дәйектеу тапсырылды.

Өз кезегінде «Би Джи Групп» компаниясының атқарушы вице-президенті Чарльз Блэнд екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық танытты. Ол «табиғи газдың әлемдік нарықтарын нығайту және дамыту саласындағы тәжірибелері мен технологиялары Қазақстанүшін пайдалы бола алатынын» атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті