Қазақстанның елшісі Шри-Ланка президенті Махинда Аджапаксаға сенім грамотасын тапсырды
Астана. 20 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Үстіміздегі жылғы 16 қазанда Коломбо қаласында Қазақстанның Үндістан мен Шри-Ланкадағы елшісі Қ.Омаров Шри-Ланка президенті Махинда Аджапаксаға сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Әңгіме барысында Қазақстан елшісі мемлекет басшысын Астананың сыртқы саяси бастамалары туралы ақпараттандырып, екіжақты және көпжақты форматтағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық байланыстарды белсендендіре түсу маңыздылығы аталды.
Шри-Ланка Лидері Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ізгі тілектерін жолдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін