Қазақстанның ет өнімдері Түркияға экспортталмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның ет өнімдері Түркияға экспортталмақ

Қазақстанның ет өнімдері Түркияға экспортталмақ

Түркия Республикасы Қазақстан Республикасында өндірілген еттерді импорттауға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 4 Қазан 2017
  • 383
Фото - Caravan.kz

«Түркия Қазақстанның ет өнімінің сапасын жоғары бағалайды. Қазақстанның ет өнімі елде үлкен сұранысқа ие болатынына сенімдімін», — деді Түркия экономика министрі Нихат Зейбекчи Қазақстанның ТР-дағы елшісі Абзал Сапарбекұлымен кездесуде.

Министр Қазақстан мен Түркия басшылары арасындағы екіжақты келісімдердің маңыздылығын атап өтіп, қазақстандық өнімді Түркияға импорттауға дайын екендігін жеткізді.

Өз кезегінде Елші Қазақстандағы ет өндірісінің әлеуеті, Қазақстандағы бидайдың көлемі туралы айтып, Түркияға астық экспорттау мүмкіндігіне баса назар аударды.

Кездесуде тараптар ауыл шаруашылығына, соның ішінде Қазақстандағы мал шаруашылығы секторына түрік инвестицияларын тартуға, Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін Түркияға экспорттауға қатысты мәселелерді зерделеді.


Сондай-ақ, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту аясында өзара қарым-қатынас туралы, сондай-ақ экономикалық саладағы ведомствоаралық жұмыс топтарын жандандыру жайлы келісілді.  

Соңғы жаңалықтар