Қазақстанның ипотекалық компаниясы халықаралық қор нарығына шығуы мүмкін - Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның  ипотекалық компаниясы халықаралық қор нарығына шығуы мүмкін - Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі

Қазақстанның ипотекалық компаниясы халықаралық қор нарығына шығуы мүмкін - Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі

Астана. 6-қараша. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ халықаралық қор нарығына шығуы мүмкін. Бұл жөнінде парламент мәжілісінде "Қазақстандағы тұрғын үй құрылысы: кедергілер және оларды шешу жолдары" деп аталатын "дөңгелек үстел" барысында Экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі Марат Құсайынов мәлім етті.

  • 6 Қараша 2007
  • 441
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан ипотекалық компаниясының талаптарына сай келетін Қазақстан ипотекалық компаниясы сатып алатын ипотекалық несие талап-құқықтарының көлемін ұлғайту мақсатында Қазақстан ипотекалық компаниясының сыртқы қор нарығына шығу мәселелері зерттелетін болады», — деді Марат Құсайынов.

Ол Қазақстан ипотекалық компаниясының қосымша қаржыландырылуына 8,5 млрд теңге бөлінгенін еске салып өтті.

«Бұл қаражат қарыз беру нарығына шығуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті вице-министр.

Сонымен қатар, Марат Құсайыновтың айтуынша, несиелік портфелінің ұлғаюына байланысты Қазақстан ипотекалық компаниясының қызметінің материалдық-техникалық қамстамасыздығын жақсарту мақсатында іс-шаралар жүргізілетін болады.

«Қазақстан ипотекалық компаниясының қазіргі уақыттағы басты кедергілерінің бірі — орындалуы тиіс жұмыс көлемінің орындалу мүмкіншілігінің қиынға түсуі. Қаржы министрлігімен келісімге сәйкес, екінші деңгейлі банктер берген ипотекалық несие бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға тиісті өзгерістер енгізілетін болады», — деді вице-министр.

«Қазақстан ипотекалық компаниясының талаптары өте қатаң. Қазіргі уақытта оларды жұмсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы шараларды іске асыру уақытында екінші деңгейлі банктерден Қазақстан ипотекалық компаниясының талап ету құқын сатып алу көлемі айтарлықтай өсетін болады», — деп хабарлады Марат Құсайынов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті