Қазақстанның Ішкі істер министрлігі қылмыстардың алдын алу және ескерту туралы заң жобасын дайындады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі қылмыстардың алдын алу және ескерту туралы заң жобасын дайындады

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі қылмыстардың алдын алу және ескерту туралы заң жобасын дайындады

Астана. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Ішкі істер министрлігі қылмыстардың алдын алу және ескерту туралы заң жобасын дайындады. Бұл туралы бүгін ведомствоның вице министрі Алик Шпекбаев " Құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескертудің мемлекеттік жүйесін жетілдіру" атты халықаралық ғылыми -тәжірибелік конференция барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 28 Мамыр 2008
  • 558
Фото - Caravan.kz

Вице-министр айтқанындай,»заң жобасының негізгі мақсаты қылмыстарды жасауға алғышарт немесе жағдай тудырмау, қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында бірыңғай саясат қолдану болып табылады».

Ол атап өткеніндей, құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына мемлекеттік органдар мен бірге мемлекеттік емес ұйымдарды тарту ұсынылып отыр. «Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар жүйесі бар, соның аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін гранттар бөлінуі тиіс», -деп есептейді А. Шпекбаев.

Бүгінгі күні заң жобасы жалпы зерттеліп, ҚР президентінің жанындағы құқықтық саясат жөніндегі кеңесте мақұлданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті