Қазақстанның халықаралық активтері 105,1 млрд долларға жетті - ҰБ - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның халықаралық активтері 105,1 млрд долларға жетті - ҰБ

Қазақстанның халықаралық активтері 105,1 млрд долларға жетті - ҰБ

Қазақстанның халықаралық активтері 105,1 млрд теңгеге жетті.

  • 6 Қараша 2014
  • 816
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

Бас банкирдің айтуынша, 2014 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Ұлттық банктің алтын валюталық активтері 14,4 пайызға артып, 28,3 миллиард долларға жеткен. Бұл ретте Ұлттық қордың шетелдік валютадағы активтері 8,5 пайызға артып, 76,8 миллиард долларды құрады.

«2014 жылдың басынан бері Ұлттық қордың резервтерін қоса алғанда Қазақстанның халықаралық активтері 10 пайызға артып, қазан айының соңына таман 105,1 миллиард АҚШ долларын құрап отыр. 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек арасында еліміздегі ақша массасы 16 пайызға артты, ақшалай ұсыныстар әлсіз әрі экономика талаптарына толық жауап берерлік деңгейде», — деді Қ. Келімбетов.