Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы әділет министрлігінде тіркелуге дайын екенін мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы әділет министрлігінде тіркелуге дайын екенін мәлімдеді

Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы әділет министрлігінде тіркелуге дайын екенін мәлімдеді

Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы әділет министрлігінде тіркелуге дайын. Бұл туралы бүгін, 20-мамырда Астанада өткен баспасөз мәслихатында парламент мәжілісінің депутаты, партия құру жөніндегі бастамашылардың бірі Владимир Косарев журналистерге хабарлады.

  • 20 Мамыр 2004
  • 494
Фото - Caravan.kz

«Біз бүгін тізімді ҚР әділет министрлігінің тіркеу қызметі комитетіне тапсырамыз»,- деді В.Косарев. Ол осы орайда тергеу органдары тарапынан «кедергі келтірілмейтін шығар» деген үміт білдірді.

В.Косаревтің айтуынша, қазіргі жағдаймен Қазақстанның халықтық коммунистік партиясына 60194 адам мүшелікке өткен. Партия мүшелерінің жас құрамы мынадай : 25 жасқа дейінгілер — 12% , 40 жасқа дейінгілер — 34%, 40-50 жас аралығындағылар — 18%, 50 жастан жоғарылар — 18 — 22%.
В.Косаревтің айтуынша, жаңа партия мүшелерінің 20 проценті бұрын Қазақстан коммунистік партиясына мүше болған. Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы 60 мың мүшені 12-наурыздан бері жинаған. В.Косаревтің пайымдауынша, алдағы уақытта партия мүшелерінің қатары молая түседі.

Соңғы жаңалықтар