Қалалық сот баспасөз қызметінің дүйсенбідегі ақпарына қарағанда, 2010 жылы маусым айында л «Қосақ» бақылау бекеті арқылы Павлодарға өтіп, осында жалдамалы жұмысқа тұрған.
Осы уақыт аралығында ресейлік азамат заң бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Бірінші рет ол соттың елден шығару туралы шешімін орындамағаны үшін жауапқа тартылған. Алайда, ол соттың үкімін елемей, алаңсыз жұмыс істей берген. Соған байланысты сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 330-бабы бойынша (елден шығару туралы шешімді орындамау) айыпты деп таныды.