«Мақта егуде бірлік алаңға жұмсалатын шығындар жылдан жылға өсе түсуде, соған сай шығымдылық та азайып келеді. Кейінгі он жылда шикі мақтаның шығымдылығы бір гектардан 27 центнерден 22-ге дейін кеміді», — деді С. Бақтыбаев.
«Біздің бағалауымызша, бес жыл ішінде бір гектарға 20 мың теңгені құрайтын төлем шығымдылықты бір гектардан 5 — 7 центнерге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді, сол арқылы мақта өсіру саласындағы жағдайды жақсартуға болады», -деді ол.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта егілетін 7 ауданда оған арналатын егістік алқабының аумағы жыл сайын 200 мың гектарды құрайды. «Алайда, ағымдағы жылы судың тапшылығынан егіс алқаптары 150 — 160 мың гектар шамасында болмақ», — деді С. Бақтыбаев.
Статистикалық мәліметтерге сай, Оңтүстік Қазақстан облысында 2005 — 2007 жылдарда жиналған жалпы мақта көлемі 435 — 460 мың тоннаны құрады.
2006 жылы 183,4 мың тонна, 2007 жылы 144,1 мың тонна мақта талшығы экспортқа шығарылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті