Қазақстанның "мейірімді" тіс дәрігері: Ресейлік БАҚ Қазақстан туралы не жазуда? - kaz.caravan.kz
  • $ 487.37
  • 532.94
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның "мейірімді" тіс дәрігері: Ресейлік БАҚ Қазақстан туралы не жазуда?

Қазақстанның "мейірімді" тіс дәрігері: Ресейлік БАҚ Қазақстан туралы не жазуда?

Өткен апта Ресейлік БАҚ Қазақстан туралы не жазды?

  • 4 Қараша 2019
  • 69
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа порталы көршілес елдің БАҚ-тарына шолу жасады.

Қазақстанның "мейірімді" тіс дәрігері

Қазақстанның Ақтау қаласында нағыз жанжал орын алды. Тіс дәрігері баланы қорқытып, қинап әрі оны жылатқан.

Баланы қинап жатқан видеосы желіде желідей есіді, — деп жазады Mk.ru басылымы.

Ол стомотологиялық орындыққа баланы отырғызып, аяғын қысып, оны сілкіген. Одан дәрігер баланың қолынан ұстап, оны кейін шығарып жіберген.

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары балаға церебральды сал ауруы диагнозы қойылған деп хабарлайды.

Бұл жағдайды білген баланың анасы полицияға шағым түсірген. 

Оқиға 1 қарашада болған.

Бір күннен кейін тіс дәрігері кешірім сұрауға асықты.

Тіс дәрігер баланы қинап отырғызғаны тіс алу үшін жасағанын айтты. Ол ешкімге зиян келтіргісі келмегенін тілге тиек етті.

«Астана» мен «Зенит» бүгін Нұр-Сұлтанда кездеседі

«Зенит» пен «Астана» командасы Нұр-Сұлтандағы баскетбол алаңында кездеседі. Матч 4 қарашада Мәскеу уақытымен 16: 30-да өтеді.

Бұл туралы Невские новости басылымы хабарлайды.ъ

Санкт-Петербургтің «Зенит» баскетбол командасы Нұр-Сұлтандық «Астана» командасымен кездеседі. 

Санкт-Петербург командасы ВТБ Біріккен Лигасында бес ойын өткізді және 2/3 есебімен әзірге сегізінші сатыда. Ал Қазақстандық команда тоғызыншы орында.

Бұған дейін NEVSKY NEWS 1 қараша, жұма күні Санкт-Петербургтегі «Зенит» ЦСКА-ға үй паркетінде Евролига матчында 70:87 есебімен жеңілгенін жазды. «Зениттің» Еуролигадағы келесі кездесуі 7 қараша «Химки» командасына қарсы өтетін болады.

Трамп Қазақстанды Ауғанстанмен шатастырып алды

2018 жылдың қаңтарында АҚШ президенті Дональд Трамп Пентагонда сөйлеген сөзінде Ауғанстанды Қазақстанмен шатасырып алды. Бұл туралы BusinessInsider басылымы АҚШ қорғаныс министрінің бұрынғы спичрайтері Гай Снодграсс кітабынан үзінді жариялаған.

Кітапта Трамптың Ауғанстанға әскери көмек көрсету мәселесі талқыланған Пентагонда 2018 жылдың қаңтарында Біріккен Штабтар бастықтарының кеңесі кезінде айтқан сөздері келтірілген. Президенттің Ауғанстан туралы айтып келіп, бірден Қазақстан туралы айтып кеткен.

«Біз шынымен өзімізге көмектеспейміз … Біз бәріне көмектесеміз. Сіздер білесіздер, Қазақстан өте бай ел. Соңғы сапарымда олар «О, рахмет, рахмет» деп жатты. Бірақ олар бізге неге ақша төлемейді? Неліктен олар күреспейді?», — деп жазады Трамптың сөзін жариялаған басылым.

Қазақстан СІМ бұл туралы түсініктеме берді.

Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров:

«АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанға келген жоқ. Трамп Қазақстанды басқа елмен шатастырған болар», — деп жауап берді Сыртқы істер министрлігінің өкілі.

EADaily хабарлағандай, АҚШ басшысы осыған ұқсас сөздер айтып жүр. Президент қазан айының өзінде Колорадода қабырға саламын деді, бұл мемлекет Мексикамен шекаралас емес, ал қабырға тек АҚШ-Мексика шекарасында болуы керек.