Қазақстанның мемлекеттік бюджеті 2008 жылдың бірінші тоқсанында профицитпен орындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның мемлекеттік бюджеті  2008 жылдың бірінші тоқсанында профицитпен орындалды

Қазақстанның мемлекеттік бюджеті 2008 жылдың бірінші тоқсанында профицитпен орындалды

Астана. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның мемлекеттік бюджеті 2008 жылдың бірінші тоқсанында профицитпен орындалды, профицит көлемі 23,2 млрд теңгені құрады. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 15 Сәуiр 2008
  • 620
Фото - Caravan.kz

Болат Жәмішевтің мәліметінше, 2008 жылдың бірінші тоқсанында алынған несиелерді есептемегенде мемлекеттік бюджет түсімдері 746 млрд теңгені құрап, есепті мерзімде жоспарға шаққанда 83,3%-ға орындалды. «Кіріс көлемі 745,5 млрд теңге (83,4%), мемлекеттік бюджет шығындары жабылған несиелер көлемін есептемегенде 722,9 млрд теңге (89,3%) болып, мемлекеттік бюджет 23,2 млрд теңгелік профицитпен орындалды», — деді Болат Жәмішев.

Министрдің мәліметінше, 2008 жылдың бірінші тоқсанында «кіріс салық ставкалары азайтылған жағдайда орындалды: Қосалқы құн салығы 1 проценттік пунктке, ал әлеуметтік салық 30%-ға азайды». «Экономиканың өсімі және салық әкімшілігін жақсарту секілді факторлардың есебінен аталған салықтар бойынша түсім жалпы алғанда 14,2%-ға өсті», -деді Б. Жәмішев.

Оның айтуынша, еліміздің мемлекеттік бюджетіне бірінші тоқсанда кіріс өткен жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 26,3%-ға немесе 115,4 млрд тенге артық түсті. Республикалық бюджет 79,9% орындалды.

«Салық әкімшілігінің арқасында салық түсімдерінің өсім қарқыны 16%-ға өсті, бірақ, салық түсімдері бойынша жоспар толық көлемде орындалған жоқ», -деді министр.

Оның атап көрсетуінше, «жылдың аяғына дейін республикалық бюджетке өткен жылғыдан 528 млрд теңгеге артық салық түсімдерін шоғырландыру қажет». «Жылдық жоспарды орындау тиісті шараларды қолдануды талап етеді, олардың бірі мұнай экспортына кедендік баж салығын енгізу болмақ, жалпы алғанда бәрі экономиканың одан әрі дамуына байланысты «, — деді Б. Жәмішев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті