Қазақстанның мұнай және газ аптасы Астанада 4-5 қыркүйекте өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның мұнай және газ аптасы Астанада 4-5 қыркүйекте өткізіледі

Қазақстанның мұнай және газ аптасы Астанада 4-5 қыркүйекте өткізіледі

Астана. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның үшінші мұнай және газ аптасы Астанада 4-5 қыркүйекте өткізіледі. Бұл туралы баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы Асқар Баталов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 16 Сәуiр 2008
  • 479
Фото - Caravan.kz

А. Баталов айтқанындай бұл шара аясында » мұнай және газ жөнінде халықаралық конференциясы, халықаралық көрмесі ұйымдастырылады.Конференция жұмысында жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекет саясаты, шикі зат шығарылып жатқан сектордағы қоршаған ортаны қорғау мәселелері, Қазақстанның мұнайхимиялық өндірісі мен мұнай өңдеудің бүгінгі хал ахуалының шолуы талқыланады «.

Сонымен қатар, мұнай және газ аптасы аясында мұнайшылардың салтанатты кеші ұйымдастырылып, онда «Алтын Прометей» премиясын тапсыру рәсімі өткізіледі.

«Алтын Прометей» байқауы «Жыл жобасы», «Үздік инновациялық бағдарлама», «Үздік әлеуметтік бағдарлама», «Үздік экологиялық бағдарлама», «Жыл серпіні», «Жыл маманы», «Жыл мерейтойы» және «Жыл тұлғасы» сияқты дәстүрлі тоғыз номинациясы бойынша өткізіледі.

Биылғы жылы «Халық таңдауы» атты жаңа аталым енгізіледі. Бұл аталым бойынша сыйлық тағайындаушылардың www.expo-kz.kz.ресми сайтындағы дауыстарды есептеу қорытындысы бойынша беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті