Қазақстанның мұнайгаз саласында жемқорлық онша жоқ, деп есептейді Қиынов - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның мұнайгаз саласында жемқорлық онша жоқ, деп есептейді Қиынов

Қазақстанның мұнайгаз саласында жемқорлық онша жоқ, деп есептейді Қиынов

Қазақстанның мұнайгаз саласында сыбайлас жемқорлық мардымсыз ғана болуы мүмкін, деп есептейді мұнай және газ вице-министрі Ләззат Қиынов.

  • 9 Маусым 2011
  • 318
Фото - Caravan.kz

«Мен мұнда (мұнай және газ саласында – ҚазТАГ) жемқорлық Қазақстанда мардымсыз деп есептеймін», — деді ол бейсенбі күні ДИЭФ аясындағы панельдік сессия барысында осы жайлы қойылған сауалға жауап беріп.

Вице-министрдің айтуынша, ол салада жемқорлықтың жоқтығының себебі «ол сіздің қаншалықты жақын құдаңыз, танысыңыз болса да, мұнайгаз кенішін жәй әшейін барлай салу, немесе игере салу мүмкін емес».

«Бұл үшін жақсы қарым қатынаста ғана болмай, сонымен қатар қаражат тұрғысынан да үлкен мүмкінідктеріңіз болуы шарт. Кез келген шағын кенішті де барлаудан бастап игеруге дейін жеткізу үшін, кем дегенде $200-300 млн қаражатыңыз болуы керек. Екіншіден бұл қаражатты кем дегенде 10 жылға салуыңыз керек. 5 жыл барлауға кетеді, одан соң 1-2 жыл қорын есептеп, кенішті игеруге қажет құжаттарын дайындауға кетсе, 3-5 жыл осы кеніштің тұрмысын түзеуге кетеді. Сіздің танысыңыз немесе құдаңыздың ондай қаражаты бар болып және оны 10 жылға салғысы келетіні кем де кем, және ондай мүмкіндігі де жоқ болуы мүмкін», — деп түсіндірді ол.

«Сондықтан маған бұл сала ашықтау және тазалау сияқты», — деді Л. Қиынов.

Соңғы жаңалықтар