Қазақстанның оңтүстік аймақтарының транзиттік әлеуетін пайдалану оның инвестициялық тартымдылығын арттыра түспек - ҚТЖ
Ұлттық "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) компаниясындағылар Қазақстанның оңтүстік аймақтарының транзиттік әлеуетін пайдалану оның инвестициялық тартымдылығын арттыра түседі деп санайды. |
Халықаралық инвестициялық TARAZ INVEST-2012 форумында ҚТЖ Қазақстан Республикасы оңтүстік аймақтарының транзиттік әлеуетін пайдалану келешегі және Жамбыл облысында көліктік-логистикалық орталық құру туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
«Жаңа Жібек жолы» жобасын орындау мақсатында ҚТЖ мен Жамбыл облысының әкімшілігі арасында ынтымақтасудың мынадай түрлері қаралуда: бизнес өкілдерімен келісе отырып "Қазақстанның логистикалық картасы» жобасына қатысты ұсыныстар бойынша келісу, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолын салу шеңберінде көліктер тасымалдау кластерін құру.
Сонымен қатар, форумға қатысушыларға Жезқазған-Бейнеу, Арқалық-Шұбаркөл теміржолын салу, Ақтау кемежайын кеңейту, «Қорғас» шекаралық ынтымақтастық халықаралық орталығы мен «Қорғас-Шығыс ақпасы» арнайы экономикалық аймақ сияқты жүзеге асырылып отырған жобаларға инвестиция құюға және бизнесті тиімді дамытуға мүмкіндіктер берілді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін