Қазақстанның Парсы шығанағы елдерімен ынтымақтастығының келешегі Кувейтте талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Парсы шығанағы елдерімен ынтымақтастығының келешегі  Кувейтте талқыланады

Қазақстанның Парсы шығанағы елдерімен ынтымақтастығының келешегі Кувейтте талқыланады

Астана. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық делегация 29-сәуірде Кувейтте басталатын халықаралық исламдық экономикалық форумда Қазақстанның Парсы шығанағы елдерімен ынтымақтастығының келешегі жайлы талқылайды. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 28 Сәуiр 2008
  • 579
Фото - Caravan.kz

«29 сәуір мен 1 мамыр аралығында Кувейтте халықаралық исламдық экономикалық форум өтеді, оған еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев басқарған Қазақстан өкілдері қатысады», — деді Е. Ашықбаев.

Оның айтуынша, «Кувейттегі бизнес-форумға Қазақстанның ірі бизнес өкілдерінің қатысуы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кейінгі халыққа арнаған жолдауларында айтылған Парсы шығанағындағы араб елдерімен сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды әртараптандыру жөніндегі мақсаттарды жүзеге асыру тұрғысынан аса маңызды».

«Бизнес-форум Қазақстандық өкілдерге Ислам конференциясы ұйымына мүше елдермен барлық бағыттағы болашақтағы өзара тиімді ынтымақтастықтың басымдықтарын айқындауға мүмкіндік береді», -деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті