Қазақстанның пошта қызметкерлері смартфондармен жабдықталады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның пошта қызметкерлері смартфондармен жабдықталады

Қазақстанның пошта қызметкерлері смартфондармен жабдықталады

Қазақстандағы қалалық және облыс орталықтарындағы пошта қызметкерлері смартфондармен қамтамасыз етіледі.

  • 7 Сәуiр 2015
  • 265
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин мәлім етті.

«Смартфон не үшін керек? Біз пошта қызметкеріне берілген смартфонға тапсырыстар туралы мәліметті жіберіп отырамыз. Сонымен қатар ол затты жеткізгендігі туралы деректерді белгілейтін болады. Атап айтқанда, смартфонмен бірге арнайы принтерді де береміз. Ол арқылы пошта қызметкері түбіртектерді басып шығарады. Пошта қызметкері коммуналдық қызметтерге және басқа да қызмет түрлеріне төлемдерді қабылдай алады», — деді Б.Мусин.