«Қазақстан президентімен өте жақсы кездесу өтті, кездесу барысында біз қабылданған жаңа стратегия (Еуроодақ пен Орталық Азияның ынтымақтастығы — агенттік ескертп.) жөнінде пікір алмасып, екіжақты қатынастардың, соның ішінде экономика және энергетика саласындағы ынтымақтастықтың болашағын талқыладық»,- деді Х. Солана президентпен кездесуден кейін өткен брифингте.
«Менің пайымдауымша, бұл өте жақсы нәтиже және де біз әділетті ынтымақтастығымызды жалғастырамыз»,- деп қорытындылады Еуроодақ Кеңесінің бас хатшысы.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, Одақ пен Қазақстан арасындағы өзара сауда көлемі 2006 жылы 22,7 млрд АҚШ долларына жетсе, 2007 жылдың қаңтар-маусым айларында 12,5 млрд АҚШ долларына жеткен. Еуроодақ елдері ынтымақтастық жылдарында Қазақстанның экономикасына 35 млрд астам АҚШ долларын инвестициялаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті