Қазақстанның қай аймағы жұмыссыздар саны бойынша көш бастап тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның қай аймағы жұмыссыздар саны бойынша көш бастап тұр

Қазақстанның қай аймағы жұмыссыздар саны бойынша көш бастап тұр

2022 жылдың екінші тоқсанындағы статистика бойынша Қазақстандағы жұмыссыздар саны 452 мың адамға тең. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 0,1%-ға көп, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

  • 19 Тамыз 2022
  • 55
Фото - Caravan.kz

Бұған қарамастан елді мекендердені жұмыссыздар саны 1,3%-ға өсіп, 182,8 мың адамға жетті. Ал қалалық аймақтарда олардың саны 0,7%-ға азайып, 269,1 мыңға тең болды.

2022 жылдың екінші тоқсанында жұмыссыздар деңгейі өзгеріссіз қалды (4,9%). Ауылдағы көрсеткіш те өткне жылғымен салыстырғанда өзгеріссіз қалған. Ал қалалық жерлерде жұмыссыздар саны 2021 жылмен салыстырғанда 0,1%-ға азайды.

Ерлер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,2%-дан 4,4%-ға көтерілді. Дегенмен 2022 жылдың екінші тоқсанында әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,3%-ға жетті. Алайда бұл өткен жылғы көрсеткіштен (5,6%) аз.

Маңғыстау мен Түркістан облыстары жұмыссыздық деңгейі бойынша көш бастады (5,1%). Бұдан кейінгі орында Жамбыл мен БҚО бар, сонымен қатар Алматы мен Шымкент те жұмыссыздар саны көп аймақтар қатарына қосылды (әр аймақта 5%-дан).