Қазақстанның қай өңірінде баға жылдам өсіп жатыр? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның қай өңірінде баға жылдам өсіп жатыр?

Қазақстанның қай өңірінде баға жылдам өсіп жатыр?

Қазақстандағы тұтыну бағалары өсімінің рейтингі тауарлар мен қызметтер қымбаттап жатқанын көрсетті.

  • 4 Шiлде 2018
  • 31
Фото - Caravan.kz

Маңғыстау облысы мен Астанада баға өзге өңірлерге қарағанда жылдам өсіп жатыр. Ranking.kz порталы Ұлттық экономика министрлігінің мәліметтеріне талдау жасады. 

2018 жылдың алты айында елімізде тауарлар мен қызметтер орташа 2,6%-ға қымбаттаған. Салыстыру үшін айтсақ, өткен жылы бұл көрсеткіш 3,7% болған. 

Өңірлер арасында баға өсімі бойынша Маңғыстау облысы (айына 0,8% және жылына 7,3%) көш бастап тұр. Екінші орынға Астана (тиісінше 0,3% және 6,9%) жайғасқан. Үштікті тұтыну бағасы айына 0,4% ға, жылына 6,8%-ға өскен Қызылорда облысы түйіндеді.  

Қарағанды облысында осы айда баға мүлде өспеген, ал бір жыл ішінде 5%-ға шарықтаған. 

Биылғы жағдайды жылдық өсім 12,7%-ға жетіп, кейіннен Ұлттық банк жағдайды тұрақтандырған 2016 жылдағы дағдарыспен салыстыра қарауға болады.  


Оқи отырыңыз:

Мемлекеттік гранттың онды-солды таратылып жатқанын жария қылған ұстаз іске құзырлы органдар араласуын қалайды

«Орденнің құны 1млн 750 000 теңге»

Әлемнің танымал фотографтары Астананың 20 жылдығына ерекше тарту жасамақшы
 
 

Соңғы жаңалықтар