Қазақстанның Қырғызстанға беретін 41 млн доллары қайда жұмсалмақ? - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Қырғызстанға беретін 41 млн доллары қайда жұмсалмақ?

Қазақстанның Қырғызстанға беретін 41 млн доллары қайда жұмсалмақ?

Қазақстан тарапынан 41 миллион доллар көлемінде Қырғызстанға «техникалық көмек» берілмек. Өткен аптада "Ыстық көл - 2017" экономикалық форумы барысында Қырғызстан экономика министрінің орынбасары Алмаз Сазбақов пен Қазақстан қаржы вице-министрі Қанат Байеділов Қырғызстанға осындай құжатқа қол қойды.

  • 28 Тамыз 2017
  • 334
Фото - Caravan.kz

Еліміздің ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықовтың айтуынша, «зертханалық, сертификаттау базасын құруға байланысты, сондай-ақ санитарлық, фитосанитарлық, ветеринарлық бақылау аясында қырғыз мамандарының жалпы ережелерге сай жұмыс жасауының дайындығы туралы бірқатар бөлімдер көрсетілген жол картасы бар», деп хабарлайды Caravan.kz.

Алайда , бұндай қомақты қаржыға қандай техникалық жабдықтар алуға болады?

Қаржыгер, финансист Расул Рысмамбетовтың айтуынша, Қазақстан қалыптасқан дәстүр бойынша экономикалық тұрғыда Қырғызстанға көмек беріп тұрады. Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында бұл интеграция одан арта түспесе, кем түскен жоқ.

Расул РысмамбетовРасул Рысмамбетов

«Менің білуімше, Қырғызстан соңғы жылдары ресми түрде кедей елдердің қатарынан шықты. Сондықтан жақын көршімізге беріп жатқан көмегіміз Қазақстанның мүддесіне сәйкес келеді: бай әрі дамыған көршілер – бай әрі дамыған Қазақстан болудың бірінші қадамы», — дейді сарапшы.

Одан бөлек, оның ойынша, жіберіліп жатқан қомақты қаржының айтарлықтай бөлігі Қырғызстанға тауар жіберумен айналысатын қазақстандық компаниялардың есеп-шотына түсуі де ықтимал.

Бар ақпарат бойынша, 2016 жылдың желтоқсан айында қол қойылған Қазақстан мен Қырғызстанның арасындағы еуразиялық экономикалық бірігу жағдайындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі келісімдерге сәйкес Қазақстан Қырғызстанға 100 млн АҚШ долларын бөліп береді. Ал қол қойылған тізімге сәйкес, 41 млн доллар бұл соманың алғашқы траншы болып саналады.

Соңғы жаңалықтар