Елшіліктің хабарлауынша, дипломды табыстау рәсімі мамырдың 26-сында Ресей халық шаруашылығы академиясы мен РФ президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясында өтті.
«Бұл атақ М.Тәжинге екі ел ғалымдарының арасындағы байланыстарды нығайтуға және әлеуметтану ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін беріліп отыр», — деді РТҒА бірінші вице-президенті Лидия Иваницкая салтанатты рәсімде.