Жарияланды: 350

Қазақстанның шығысында жол апатында 5 бала зардап шекті

Өткен демалыс күндері елдің шығысында болған жол-көлік апаттарында 5 бала ауыр жарақаттар алды.

Атап айтқанда, «Алматы-Өскемен» тас жолының 776-шы шақырымында «Мазда» көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Мерседес» көлігімен соқтығысты. «Мерседестің» ішінде болған 6 жасар қыз ауыр жарақаттанды. Ол ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар жол апатына кінәлі - «Мазда» көлігі жүргізушісінің өзі де жарақаттанды. Сондай-ақ сенбі күні Семей қаласының орталығында ГАЗ-2705 көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. 8 жасар бала бас сүйегінің сынуы және бас миының зақымдануы диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Жұма күні кешке «Өскемен-Шемонаиха» тас жолының қиылысында, екі көлік түйісіп қалды. Себеп - «Зил-131» көлігінің жүргізушісі «Тойотаға» жол бергісі келмеген. Салдарынан 4, 12 және 16 жастағы үш бала зардап шекті. Балалар Глубокое кентінен «Тойотада» келе жатқан. Олар бастарының ауыр жарақатымен жергілікті ауруханаға жеткізілді. Сол күні Зярында 76 жастағы зейнеткерді «Субару» көлігі қағып кетті. Жүргізуші оқиға орнынан бой тасалады, оны іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Зейнеткер ауруханаға жеткізілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін