Жарияланды: 70

Қазақстанның солтүстігінде дәрігерлер мінген тікұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды

Қазақстанның солтүстігінде дәрігерлер мінген тікұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды

Ақмола облысында қозғалтқыштағы ақауға байланысты Ми-8 тікұшағы шұғыл қонды. lТікұшақ бортында жеті адам отырған. Әуе оқиғасынан зардап шеккендер жоқ.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға жұма, 26 қарашада болды. Ми-8 АМТ тікұшағы жедел өтінім бойынша Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға ұшып бара жатқан. Өтінімді ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығы берді.

Алайда тікұшақ Ақмола облысы Ерейментау ауданы Өрнек ауылы маңында (елордадан шамамен 100 шақырым) қонуға мәжбүр болды. Бортта бес адамнан тұратын экипаж және екі дәрігер болған.

"Мәжбүрлі түрде қонуға оң қозғалтқыштың тербелісі себеп болды. Тікұшақ аман-есен қонды, зардап шеккендер жоқ. Экипаж бен дәрігерлер резервтік әуе кемесімен шығарылды", - деп мәлімдеді "Қазәуеқұтқару" баспасөз қызметіндегілер.

Бұл тікұшақ кепілдікте тұр. Әуе кемесін өндіруші зауытпен бірге тексереді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін