Қазақстанның сыртқы сауда палатасы ТМД елдері палаталарының басшылар Кеңесін басқарады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның сыртқы сауда палатасы ТМД елдері палаталарының басшылар Кеңесін басқарады

Қазақстанның сыртқы сауда палатасы ТМД елдері палаталарының басшылар Кеңесін басқарады

Ереванда ТМД-ға қатысушы елдер басшылары Кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда Кеңес мүшелері Қазақстан Сыртқы сауда палатасының басшысы Мейірбек Мәжитовті төраға етіп сайлады.

  • 26 Қазан 2015
  • 417
Фото - Caravan.kz

Қазақстан сыртқы сауда палатасы баспасөз қызметі атап өткендей, қазақстандық тарап үшін бұл маңызды оқиға, себебі Қазақстан төрағалығы Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы елдерінің негізі қаланғанына  25-жыл толу мерейтойымен сәйкес келеді.

Сондай-ақ отырыс аясында палата басшылары ТМД елдері тауарларының, жұмыстарының және көрсетілетін қызметтерінің әлемдік нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге қатысты мәселелерді кеңінен талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар ТМД-ға қатысушы елдер палата басшылары Кеңесінің кезекті отырысын 2016 жылы Астанада өткізетіні жайлы бірауыздан шешім қабылдады.