Ұлттық денсаулық сақтау орталығының сайтында жарияланған Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының деректері бұған дәлел.
Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың жаңартылған матрицасына сәйкес, 23 мамырдағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары "қызыл" аймақта.
Маңғыстау облысы "сары" аймаққа көшті. Сондай-ақ, бұл аймақта Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Қостанай және Павлодар облыстары бар.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары және Солтүстік Қазақстан облысы "жасыл аймақта" қалады.
Еске салайық, өткен тәулікте елде COVID-19 2167 адамда расталған болса, бір күн бұрын 2267 жағдай анықталған.