Жарияланды: 470

Қазақстанның Ұлттық банкі мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорындағы Еуропалық қайта құру және даму банкісінің үлесін сатып алмақ

Қазақстанның Ұлттық банкі мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорындағы Еуропалық қайта құру және даму банкісінің үлесін сатып алмақ.

"Банкпен арадағы ЖЗҚ қатысты жобаны жабатын болармыз. Біз олардан сатып аламыз, сонда бізде 100% болады, сол 100% -дан біз қанша керек болады, 20% немесе 25% - IPO-ға шығарамыз. Бірақ қазір бәрі әзірге талқылануда", деп мәлімдеді Ұлттық банк жетекшісі Григорий Марченко Алматыда сейсенбіде баспасөз мәслихатында. Бұл мәселе бойынша заңды түрде рәсімделген құжаттар жоқ, деді ол. Еуропалық қайта құру және даму банкісінен үлесін сатып алған соң мемлекеттік ЖЗҚ-ын "халықтық IPO" бағдарламасына қосу жоспарлануда. " Мемлекеттік ЖЗҚ-ын "халықтық IPO" бағдарламасына қосамыз, сосын стратегиялық инвесторға қатысты талаптарды төмендетеміз, 9 жылда Батыс Еуропадан стратегиялық инвестор таппасақ, алдағы бір-екі жылда таба қоямыз деп ойламаймын", деді ол. Г.Марченко атап өткендей, мемлекеттік ЖЗҚ акционері болу Ұлттық банктің жоспарында жоқ нәрсе. "Біз Орталық банк болғандықтан, бізге зейнетақы қорының акционері болу лайықты емес. Біз акционерліктен бірте-бірте кетуге тиіспіз", деді ол. Мемлекеттік ЖЗҚ елдің ірі зейнетақы қорларының бірі болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін