Қазақстанның ұлттық валютасы кешеден бері 2,2 теңгеге нығайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның ұлттық валютасы кешеден бері 2,2 теңгеге нығайды

Қазақстанның ұлттық валютасы кешеден бері 2,2 теңгеге нығайды

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа   сараланған бағамы 334,89 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 77 050   мың АҚШ долларын құрады.

  • 29 Қыркүйек 2016
  • 577
Фото - Caravan.kz

Еске сала кетейік, кеше күндізгі сессия нәтижесі бойынша АҚШ долларының құны 337,09 теңге болған. Ал бүгін таңертеңгі сессияда доллар бағамы 335,09 теңге болған.

Одан бөлек:

— есептесуі Т+1 және Т+2 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер   жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

— есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 еуромен теңге бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

— есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 еуромен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

— есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,3051 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 40 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 334,93 теңгені (-2,06 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі — 97 150 мың (+21 400 мың).


Валюталық своп операциялары нарығында:

— USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік +11,7840 %   құрады, сауда-саттық көлемі — 192 800 мың АҚШ долларын құрады;

— USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік +11,7254 %   құрады, сауда-саттық көлемі — 63 000 мың АҚШ долларын құрады;

— EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған   жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 26 банк қатысты.