Қазақстанның жеті облысында күн суытады деген ескерту жарияланды - Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның жеті облысында күн суытады деген ескерту жарияланды - Қазгидромет

Қазақстанның жеті облысында күн суытады деген ескерту жарияланды - Қазгидромет

Астана. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның жеті облысында күн суытады деген ескерту жарияланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 15 Сәуiр 2008
  • 453
Фото - Caravan.kz

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, сәуірдің 15 мен 17 аралығында Ақмола, Павлодар, 16-17 сәуірде Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында қар жауып, солтүстіктен жылдамдығы секундына 15 — 22 метрге жететін жел соғып, ауа температурасы түнде 0 — 5, кей жерлерде 8 — 13, 10 — 15 суық болса, кейде тіпті 18 градус аязға дейін жетеді.

Сонымен бірге, Батыс Қазақстан облысында 16-17 сәуірде сынап бағанасы түнде 0 — 5, кей жерлерде 8 градусқа дейін төмендейді. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 15 — 17 сәуірде түнде 13 — 18, кей жерлерде 5 — 10 градус аязға дейін жетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті