Қазақстанның Жинақтаушы зейнетақы қорларының 2012 жылғы 1 қарашадағы рейтингі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Жинақтаушы зейнетақы қорларының 2012 жылғы 1 қарашадағы рейтингі

Қазақстанның Жинақтаушы зейнетақы қорларының 2012 жылғы 1 қарашадағы рейтингі

2012 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша, бірде-бір қазақстандық жинақтаушы зейнетақы қоры 12 айдың ішінде К2 кірістілік көрсеткіші бойынша инфляция деңгейінен аса алмады.

  • 19 Қараша 2012
  • 428
Фото - Caravan.kz

Дегенмен, өлшенген орташа кірістілік нарық бойынша соңғы бірнеше айдың ішінде 2 есеге өсті. Бұл жинақтаушы зейнетақы қорларының (ЖЗҚ) кірістілігін арттыруға бағытталған және ҚР Ұлттық банкі өткізіп отырған зейнетақы жүйесін реформалаумен байланысты. Егер оң қарқын сақталып қалатын болса, бірнеше айдан кейін көптеген ЖЗҚ-ның кірістілігі инфляция деңгейіне анағұрлым жақындай түседі, тіпті, асып түсуі де мүмкін деген болжамдар жасалуда.

5, 22 пайыз кірістілігімен бірінші орынды — «Астана» ЖЗҚ сақтап қалуда. Екінші орынға, екі айдың ішінде кірістілігін 4 пайызға жуық арттырған «Қазақстанның Халық банкі» ЖЗҚ көтерілді — 4,70 пайыз. Үшінші орын бұрынғыша «МұнайГазДем» ЖЗҚ-ға тиесілі. Оның кірістілігі 4,63 пайызды құрайды. Төртінші орынды 4,52 пайыз нәтижесімен «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖЗҚ алды. «Грантум» ЖЗҚ 3,79 пайыз көрсеткішімен бесінші орынға сырғыды.

«Республика» ЖЗҚ өзінің көрсеткіштерін жақсартуда — 3,56 пайыз. «Капитал» ЖЗҚ-ның кірістілігі 2,93 пайызды құрады, «ОТАН» ЖЗҚ кірістілігін 1,35 пайыз деңгейінде көрсетті. «Атамекен» ЖЗҚ-ның көрсеткіштері де байыппен артып келеді — 0,74 пайыз.

Ал «Индустриалды Қазақстан» ЖЗҚ тағы да теріс нәтиже көрсетуде — 5,86 пайыз.

«Ұлар Үміт» ЖЗҚ-ның кірістілігі туралы ақпаратты ҚР Ұлттық банкінің қаржылық қадағалау комитеті (www.afn.kz) жарияламады.

Соңғы жаңалықтар