Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады

Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады

Алдағы күндері өткізу бекеттері бірнеше күнге жабылды,

  • 20 Қаңтар 2023
  • 15
Фото - Caravan.kz

21-23 қаңтарда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс жасамайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

"ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 2023 жылғы 21-23 қаңтарда қазақ-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды", — деп көрсетті Мемлекеттік кірістер комитеті.

Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.


"Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", — делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр