Қазақстан-Ресей шекарасынан пойыздарды өткізу уақыты қысқарады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан-Ресей шекарасынан пойыздарды өткізу уақыты қысқарады

Қазақстан-Ресей шекарасынан пойыздарды өткізу уақыты қысқарады

Мәскеуде «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Берік Камалиев «РЖД» ААҚ жолаушылар тасымалы жөніндегі вице-президенті Михаил Акуловпен кездесті.

  • 18 Мамыр 2015
  • 444
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында  жолаушылар пойыздарын Қазақстан-Ресей шекарасын өткізу ресімдерін жеңілдетуге, тексеру  уақытын қысқартуға қатысты мәселелерді талқылады. 

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазіргі уақытта екі мемлекеттің өкілетті органдары шекарадағы тексеру уақытын 3,6 есеге қысқартуға мүмкіндік беретін бірқатар шараларды қарастырып жатыр. Бұл шаралар кейін Қазақстан-Ресей шекарасындағы барлық тексеру-бақылау нүктелерінде енгізілетін болады.

Бұдан бөлек, екі елге қатынайтын мемлекетаралық жолаушылар пойыздарының қозғалысын ұйымдастыруға қатысты бірқатар мәселелер де сөз болды.