Жарияланды: 510

Қазақстан-ресей-француз бірлескен кәсіпорны электровоз шығару зауытын салады

Қазақстан-ресей-француз бірлескен кәсіпорны электровоз шығару зауытын салады.

Бұл туралы бүгін Астанадағы Локомотив құрастыру зауытында өткен брифинг барысында «ҚТЖ» АҚ «Жаңа және импортты алмастыратын жобалар орталығы» филиалының директоры Мақсұт Исақов айтты. «ҮИИДБ аясындағы ірі жобамыз бойынша Қазақстан-ресей-француз бірлескен кәсіпорны құрылып, оның базасында электровоздар шығарыла бастайды. Бұл ретте ағымдағы жылдың қыркүйегінде зауыттың құрылысын бастау көзделіп отыр. 2012 жылдың алғашқы жартыжылдығында зауыттың құрылысы аяқталып, 2013 жылы электровоздар шығара бастаймыз», - деді М. Исақов. Оның айтуынша зауыттың жылдық қуаты 50 электровоз шығаруды жүзеге асыра алатын болады. «Осылайша, «ҚТЖ» Қазақстанда теміржол машина құрылысының тұтастай саласын қалыптастырмақ. Біз Қазақстандағы машина құрылысының локомотиві болып отырмыз», - дейді М. Исақов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін